АТЫРАУДА

АТЫРАУДА «SAMRUK-KAZYNA TRUST» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ

Атырауда алғашқы облыстардың бірі болып, әлемнің ең үздік тәжірибелері мен ұлттық құндылықтарды біріктірген «Денсаулық және өмірлік дағдылар» атты кітаптар топтамасы  Bilim Foundation қоғамдық қорымен қазақ және орыс тілдерінде дайындалып, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жарық көрді. Бұл кітаптар балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын нығайту және дамыту мақсатында әзірленген.

«Суицидтің алдын алу мәселесі бойынша  жұмыс жасап жатырмыз. UNICEFT – халықаралық балаларды қорғау ұйымының  әлемдегі нәтижелі жұмыстарының бірі арқылы осындай жобаны енгізіп отырмыз.  2012 жылы суицид орын алған 5 облыста  UNICEFT  және әлемдік тәжірибелі мамандармен зертеу жұмыстарын жасадық. Кітаптар АҚШ мемлекетінің психологтар қауымдастығының  жазған кітаптары.  Соны аударып, ұлттық менталитетке сай қылдық.» – depti Bilim Foundation  қоғамдық қорының басқарушы директоры Берік Ракушев.

Кітап топтамасының тұсау кесеріне қатысқан Атырау облысы білмі беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Жансұлу Меңешқызы: «Бұл кітаптың шығуына түрткі болған жасөспірімдер арасындағы суицид. Жаңа оқулықтарда барлық қиындықтардан өте білу жолдары оңай әрі түсінікті бала тілімен жазылған. Қазір облысымызға 236 кітап алынды»

Кітаптар топтамасын дайындауға бір жарым жыл уақыт кетіп, барлық сараптамадан  өткен. Шамамен 17 ақпаннан кейін мектеп психологтарына бір күндік семинар өтіп, жаңа оқулықтармен оқыту басталады.  

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button