АТЫРАУДА

АТЫРАУДА СОТТАЛҒАН 8 ҚЫЛМЫСКЕР КЕРІ ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛУЫ МҮМКІН

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қарасты Пробация қызметімен «Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға полиция қызметкерлерімен қатар, пробация қызметінің 33 қызметкері жұмылдырылды.

Күшейтілген іс-шара барысында Пробация қызметінің қызметкерлері Ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, мінез-құлқын, тұрмыс-тіршілігін бақылап, олармен тәрбиелік мәні бар профилактикалық сұхбаттар жүргізіп жатыр,- depti Атырау облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Нұрлан ҚАБДОЛОВ.
Атырау облысв бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде тұрған 499 сотталғанның мекен-жайына тексеріс жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, арнайы құқықтық-база арқылы сотталғандардың пробация қызметін хабардар етпей мекен-жайын ауыстыру, әкімшілік жауапкершілікке тартылу, шетелге шығу секілді істерді жасаған-жасамағандығын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған тексеріс барысында 39 сотталған сот жүктеген міндеттерден жалтарғандығы анықталып, ескерту жарияланды және 8 сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру туралы сотқа ұсыным жолданды, – depti Қабдолов.
«Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы желтоқсан айына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button