АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТАПШЫ АНТИБИОТИКТЕР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ САТҚАН

2020 жылғы 9-13 шілде аралығында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрілік препараттар мен жеке қорғану құралдарын заңсыз сатудың 3 фактісінің жолын кесті.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ЭТД қызметкерлері дәрілік заттарды жоғары бағамен және сәйкес рұқсаттық құжаттарсыз (лицензиясыз) сатудың 2 фактісін анықтады.

Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуды Атырау қ. екі тұрғыны жүзеге асырған, оларда 400 астам бума, 50 флакон және ампула тапшы препараттар  (Парацетамол, Дексаметазон, Лидокаин, Цефтриаксон, Азитромицин, Ацетилсалициловая кислота, Метронидазол) тәркіленіп алынды.

Аталған дәрілік заттар Атырау облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.  

Оған қоса, ЭТД қызметкерлері ПД бірлесіп, 1000 медициналық масканы бақылаудағы сатып алу арқылы (1 маска 65 теңге) екі азаматтың жеке қорғану құралдарын заңсыз сату фактісін анықтады.

Тексеріс барысында тағы 137 500  медициналық маска табылды. 

Айыпты тұлғалардың әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 424-бабы («Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет») және 426-бабында («Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар. Іс материалдары аталған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін өкілетті органға жолданды.

Дереккөз: ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ КОМИТЕТІ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button