АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТЕҢІЗ КЕНІШІНІҢ 13 ЖҰМЫСШЫСЫ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Өңірде Covid-19 індетінен сауығып шыққандар саны 193 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысында тағы 13 адам коронавирус инфекциясынан айықты. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес,  олардың барлығы – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда,  47, 43, 49, 42, 38, 32, 28, 31, 32 жастағы тоғыз ер адам және 42, 39, 42, 44 жастағы төрт әйел.

– Қазіргі уақытта емделіп шыққандардың барлығы өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді штабтағылар.

 Осылайша, Атырау облысында қауіпті дерттен сауығып шыққандар саны 193 адамға жетті.

23 науқас та  – Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар.

Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, олар тиісті хаттамаларға сәйкес ем алады.

           Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.  Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

2020 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Теңіз кенішіндегі  42 мердігер мекеменің  қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының 712 жағдайы тіркелген. 92  вахталық аумақтың ішінде 22 індет ошағы анықталды. Ошақтарда ауқымды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Айта кетейік, бүгінде карантиндік бақылауда  1725 адам жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button