Құқық бұзушы Махамбет аудандық полиция бөлімінің уақытша оқшаулау камерасындағы айыпталушыны жұдырығымен ұрған.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген.
«Сот қаулысымен кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды», – деді Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.