АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҮЙ ЖАНЖАЛЫНЫҢ «ҰЙЫТҚЫСЫ» БОЛҒАН 117 АДАМ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ.

Атырау облысында жыл басынан бері «отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша 674 дерек тіркелген (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы) деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Отбасы-тұрмыстық заң бірге тұратын ерлі-зайыптылар (тіпті бұрынғы), бірге тұратын адамдар, жақын туыстар, сондай-ақ ортақ баласы бар адамдар арасындағы қатынастарды реттейді.
Алайда, көп ретте отбасы дебоширлері лайықты жазаға тартылмайды. Оған себеп, әдетте, көптеген жағдайларда үйде, отбасында айқай-шу, ұрыс шығаратындарға қатысты учаскелік инспекторды (полиция нарядын) шақырумен шектеліп, өтініш жазудан бас тартады – олар айтқандай, тек «қорқытып», сескенту үшін ғана.
Осылайша, тек облыс орталығы Атыраудың өзінде «102» пультіне жыл басынан бері 3546 қоңырау келіп түсті, бірақ тек 265 жағдайда ғана отбасы тыныштығын алғандарға арыз жазылған.
Сонымен қатар, Әкімшілік кодекстің 73 бабы бойынша, қайталанған жағдайда қамауға дейін (ескерту мен айыппұл да бар) жаза белгіленген .
Жыл басынан осындай 117 құқық бұзушы , атап айтқанда, жанжалдасып қана қоймай, отбасы мүшесіне қасақана жеңіл дене жарақатын салып, зиян келтірген (73-1-бап) – 170, ұрып-соққан (73-2-баптар) – 45 азамат әкімшілік сотпен қалалық Полиция басқармасынің әкімшілік тәртіппен ұсталғандарды арнайы қабылдау орнына қамауға алынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button