АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҮШ КҮНГЕ БЛОК БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛАТЫНЫ РАС ПА?

«Құрбан айт» мерекесі кезінде блок бекеттер қойылмайды.

Атырау облысының бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаева мән жайды тарқатып түсіндірді.

–  Құрбан айт мерекесі кезінде Атыраудың бірнеше жерінде блок бекеттер қойылады деген  ақпарат жалған. Атырау облысының бас санитар дәрігерінің ресми қаулысы шықты. Ол жерде блок бекетер жайында айтылмаған. Қаулыға назар аударсақ, 31 шілде мен 2 тамыз аралығында ірі қара, мал тасымалдайтындарға қала аумағына кіруге тыйым салынғаны айтылды.  Тек қана малды онлайн режимде және рұқсат етілген орындарға малды тасымалдауға рұқсат» – дейді өңірдің бас санитар дәрігерінің орынбасары.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button