АТЫРАУДА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды. Бұдан былай аталған мекемені Бекбол Ерболұлы Мұқашов басқарады.
Бекбол Мұқашов 1987 жылы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін заңгер, 2013 жылы Алматыдағы Д.А Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін инженер құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Rail Read Alliance» ЖШС жұмыстарды қабылдау және сапасын бақылау бөлімінің инженер геодезисі болып бастаған. 2012-2013 жылдары «Теміржол Құрылыс Жоба» ЖШС бас инженері;
2013 жылы «Казахавтодор» РМК учаске шебері;
2013-2017 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалында қозғалыс қауіпсіздігі және эксплуатация бөлімінде жетекші маман;
2017-2019 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ АОФ бөлім басшысы болып еңбек еткен.
2019 жылдан бүгінге дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.
Әр жылдары «КазДорНИИ» АҚ /Алматы.қ/, «ДорТрансКом» ЖШС оқу орталығында / Астана.қ/ автокөлік жолдарының сапасын бақылау тақырыбы бойынша біліктілігін арттырған.

Exit mobile version