АТЫРАУДА ЖОҒАЛҒАН БІР ЖАРЫМ ЖАСАР СӘБИ АМАН-ЕСЕН ТАБЫЛДЫ

by Depti
0 views

Атыраулық полицейлер кешеден бері іздестіріліп жатқан азаматша мен кішкентай сіңлісін аман-есен тауып үйіне қайтарды, – depti Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

1980 жылы туған азаматша Айчанова Роза мен 2019 жылы туған сіңлісі 6 тамыз күні 17:30 шамасында соңғы рет үйлерінен шыққандары бейнебақылау камерасына түскен. Содан кейін туыстары хабар-ошарсыз қалғандықтан ішкі істер органдарына жүгінген. Сонымен қатар еріктілер де қол ұшын беріп, қала тұрғындарына үндеу жариялаған еді.

7 тамыз күнгі іздестіру шараларының нәтижесінде полиция подполковнигі Сайфулла Казиханов пен полиция майоры Андрей Чекарев қаладағы “Дина” базары маңынан 40 жасар келіншек пен 1 жарым жастағы сәбиді тауып, туыстарына табыстады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com