АТЫРАУДАҒЫ МЕКТЕП ҒИМАРАТЫНА ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ ҚОЙЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ

by Depti
0 views

«Атырау қаласы Пушкин атындағы №20 орта мектеп-лицейі ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты. Жалған ақпарат түскен сәтте ғимаратта болған адамдардың бәрі шұғыл түрде эвакуацияланды», – деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
«1996 жылғы психикалық ауытқуы бар ер адам 102 пультіне қоңырау шалып мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Тексеру барысында мектеп бейнекамералары да толық қаралды. Ешқандай қауіпті немесе тыйым салынған зат табылған жоқ»,- depti облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Айта кетейік, оқиға орнынан кезекші сыныпта оқитын 124 оқушы, 14 мұғалім мен 30 қызметкер жедел түрде шығарылды.

Фото ашық дереккөзден алынды

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com