Әлеуметтік желіде уақытша ұстау изоляторында көтеріліс болып, адамдар өздерін тілгілеп жатыр деген ақпарат тарады.
Айта кету керек, әзірге оқиға Атырау өңірінде орын алғаны белгілі болды. Прокуратура мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеріс бастап кетті. Ресми емес мәліметке сүйенсек, уақытша қамауда жатқан азамат қысым көргендігін туыстарына айтып, олар түрме ғимаратының маңында дау туғызған.