Атыраудағы жәрмеңкеге 50 ден астам кәсіпкер қатысып, 13 тонна өнім сатылымға шығарылды.
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,
қала тұрғындарына қолайлы болуы үшін демалыс
күндері жәрмеңке ұйымдастырылуда.
«15-16 ақпан күндері үш жерде өткен жәрмеңкеге 54 кәсіпкер, яғни жергілікті тауар өндірушілер мен көтерме сауда иелері бірінші тұтынатын азық түлік өнімдерін халыққа ұсынды. Картоп – 80,90 теңге, сәбіз – 85, жуа-80, жұмыртқа 24,25 теңгеден ал сиыр еті – 1700 теңгеден саудаланды» – деп мәлімдеді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Р. Давлетов.
⠀