«Наурыз айының 3-інен бастап QAZAQ AIR әуе компаниясы Атырау – Шымкент және Шымкент – Атырау бағытнда тұрақты рейс жасайтын болады», – depti Kapital.kz порталы, әуе компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған рейс De Havilland Dash-8-Q400NG ұшағында сәрсенбі және жұма күндері Атыраудан Шымкентке, ал сейсенбі және бейсенбі күндері кері бағытта қатынайтын болады.
QAZAQ AIR – «Әуе транспортының халықаралық қауымдастығына» толыққанды мүше. Компанияның 100 % акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.