АТЫРАУДАН ШЫМКЕНТКЕ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛМАҚ

plane
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жуырда Атыраудан Шымкентке рейс ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бірінші кезекте «Атырау-Шымкент» және «Шымкент-Атырау» рейстері іске қосылмақ.
Әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ облыс тұрғындарын қол жетімді авиабилеттермен қамтамасыз ету мақсатында FlyArystan авиакомпаниясымен келіссөздерді бастаған болатын.

Тараптар келісімді талқылап, Атырау қаласынан тұрақты жолаушылар рейстерін бастау туралы келісімшартқа қол қою жоспарлануда.
Болашақта авиакомпания еліміздің барлық бағыттарына рейстер ашуға ниетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған