«АТЫРАУДЫҢ» ЖАҢА ТРЕНЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

44 жасар армяндық маман Арам Восканян «Атырау» ФК командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Бапкер Түркиядағы оқу-жаттығу жиында ойыншылармен таныстырылды.

Арам Восканян армян клубтарын жаттықтырды. 2019 жылдың сәуір айында жұмыстан шығады. Сондай-ақ, 2015 жылдан 2016 жылға дейін Арменияның U-19 жасөспірімдер құрамасына басшылық етті. «Есіл-Богатырь» (қазір — «Қызыл-Жар») ойыншысы болды, ол үшін Қазақстан чемпионатында 130 матч өткізіп, 37 гол соқты.

Еске сала кетейік, «Атырау» командасының бұрынғы бапкері Қуаныш Қабдолов командасымен қоштасқаны туралы хабарлаған едік.

Exit mobile version