АТЫРАУДА

АТЫРАУҒА БАҒЫТ АЛҒАН КӨЛІКТЕ 1 КГ ҚАРА УЫЛДЫРЫҚ БОЛҒАН

Атырау полицейлері 30 тамыз күні жедел іс-шара барысында «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының Аққыстау селосы тұсында Атырауға бағыт алған «Ваз-2114» көлігін тоқтатты. Исатай ауданы Жанбай селосының 1994ж.т. тұрғынының басқаруындағы көлік салонынан салмағы 1 кг болатын қолдан дайындалған бекіре балығының қара уылдырығы табылып алынды, – депті Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 339-бабы 1 б («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button