АТЫРАУҒА БЛОК-БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛАДЫ МА?

Атырауда блок бекеттер қойылмайды. Алайда, эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатса, қосымша қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегацияның қатысуымен өткен онлайн-брифингте мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған делегация Атырауға жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов, Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі Нұрсұлтан Ахмедия да болды. Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында аймақтағы эпидемиологиялық ахуал бойынша шұғыл жиналыс өтті.

Exit mobile version