АТЫРАУДА

АТЫРАУҒА ЖАҢА АВТОБУСТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ АЛЫНДЫ

Атырауға 33 автобус алынды. Бұл 7,5 миллиард теңгеге алынған жолаушылар тасымалдайтын  автоустың бір бөлігі ғана, деп хабарлайды ATPress.kz .

Қытай зауытынан алынуы керек 170 жолаушылар автобусының 89 өндіріліп, Атырауға жөнелтілді. Қазргі уақытта оның 33-і өңірге жеткізілді. Қалған 81 автобус жыл аяғына дейін алынады деп күтілуде.

Судай жаңа автобустар өзінің үлгісіне қарай әртүрлі ерекшеліктерге ие. Мәселен, 20- дан 53 жолаушылар орны бар, сплит-жүйе және жылу жүйесі,  бейнебақылау камерасы, пандус және т.б. негізгі қажеттіліктерді қамтыған. Барлығы метан газымен жүреді. Ағымдағы жылдың ақпан айында осы жолаушылар тасымалдайтын автобустар газбен жүретіндіктен, арнайы газ құю бекетін салу үшін жер бөлінетіндігі айтылған.

«Құрастырушы-зауыттың техникалық ерекшеліктеріне сай автобустың жарамдылық мерзімі 10 жыл. Яғни автобустың жарамдылық мерзімі жеткен соң ғана жүруін тоқтатады. Алайда, көліктің өндірілген жеріндегі климаттық жағдайдың біздің өңірге сәйкес келмеуі жарамдылық мерзіміне әсер етеді. Дегенмен автобустар  ұзақ мерзімде қызмет көрсетуі  сайманының сапасымен мен техникалық талаптардың сақталуына байланысты» – depti «Akzhayik Avtopark» ЖШС директоры Қуантай Қалман.

 «Akzhayik Avtopark» ЖШС тендерден  № 7, 14, 50, 53 және 58 бағыттағы қалалық автобустардың қызмет көрсетуін ұтып алып, наурыз айынан бастап жұмысын жүргізіп келеді.

Дерек көзі: http://atpress.kz/10593-partiya-novykh-passadgirskikh-avtobusov-pribyla-v-atyrau

Фотосурет: ATPress.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button