Атыраулық кәсіпкер әйелдерге тегін шеберлік сағаты өтеді

172860f1 b655 4ce3 a45a 022f1d1b9c8a
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» тегін шеберлік сабағы 13-14 ақпан аралығында Атырау облысында өтеді.

Талқылау мен пікір алмасудың негізгі тақырыптары: ауылдағы әйелдердің әлеуметтік мәселелерін шешу, шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдары, бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, ауылда бизнес бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін халықаралық ұйымдардың гранттық бағдарламалары болмақ.

Қатысушылар бизнес-жоспарды құру, әлеуетті клиенттерді табу, жарнаманы құру және бизнесті интернет арқылы алға жылжыту дағдыларын үйренеді. Қосымша ақпаратты atameken.kz сайтынан алуға болады.