АТЫРАУЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІН ҚОЛДАДЫ

Атыраулық кәсіпкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдайтындарын жеткізді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті сын сағатта ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынған болатын. Осындай жағдайда бұрынғыша отандық ірі кәсіпорындар да қолдауын көрсетіндігіне сенім білдірді. «Атыраулық кәсіпкерлер бұл дер кезінде құрылған қорды барымызша қолдауымыз керек»,-дейді.

Кәсіпкерлер бұл бастама халықтың одан әрі біріктіретініне және барлық қиындықтарды ауызбіршіліктің арқасында жеңіп шығарымызға сенім білдірді.

Exit mobile version