АТЫРАУДА

Атыраулық пара дзюдошылар Қазақстан чемпионатында бірінші орын еншіледі

5 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында пара дзюдодан ҚР чемпионаты өтті. Жандос Қиянов бастаған Атырау облысының спортшылары 4 алтын және 2 күміс медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Ерлер арасында 81 келі салмақта қос атыраулық спортшы ақтық сында кездесіп, Ғалымжан Смағұлұлы алтын және Темірболат Ташекенов күміс жүлдеге ие болды. 90 келіде Аманжол Жанбота үздік атанса, 100 келіде Ерлан Утепов күміс медаль еншіледі. Ал аса ауыр салмақ дәрежесінде Бақыт Исмагулов жеңіске жетті.

Әйелдер арасында +70 келі салмақта Зарина Байбатина қарсылас шақ келтірмеді.

Айта кету керек, қос атыраулық спортшы Ануар Сариев пен Дәулет Теміржан алдағы әлемдік бәсекелерге қатысуына байланысты ел чемпионатынан босатылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button