АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БЕЛГІСІЗ ТАКСИДЕ ҚАЛЫП КЕТКЕН СӨМКЕНІ ИЕСІНЕ ҚАЙТАРДЫ

Мамырдың 4-і   күні  «102» телефонына қоңырау шалған 1972 жылғы азаматша, такси көлігі ішінде қол сөмкесін ұмытып кеткенін айтты. Хабарламаны қабылдап алған Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бейне бақылау инспекторы полиция аға лейтенанты Назира Молдашева, арызданушының отырған және түскен аумақтары бойынша бейнекамералар арқылы іздестіру жұмыстарын бастайды.

« Аға лейтенант Назира Молдашева арызданушыға өзі қоңырау шалып, көліктің түсін, маркасын,т.б. белгілерін сұрағанымен, көлікке отырған және түскен уақыты мен орнынан басқа азаматша есіне ештеңе де түсіре алмады. Назира алдындағы бейнебақылау мониторынан көз алмастан көліктерді тізіп шықты, аталған орынға жақын жерде камера жоқ, бірақ сол маңайдан алысту жерлерді «сүзіп» отырып, «ВАЗ-21015» көлігіне тоқтады. Дереу сол аймақтағы учаскелік полиция инспекторына «такси» болуы мүмкін көліктің мемлекеттік нөмірін айтады. Ұзамай аталған көлікті тоқтатып, жүргізушіге мән-жай баяндалады. Көлігінің артқы салонында жатқан сөмкені тек сонда ғана байқаған жүргізуші, жолаушы азаматшаның отырып, межелі жерге жетіп қалғанын айтып берді»  – depti  ПД баспасөз қызметі.

 Бөлімге келген арызданушы сөмкесін, оның ішіндегі құжаттары, ақшасы , басқа да бұйымдарының түгел екендігіне қуанып, әрі шапшаң табылуына себеп болған полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button