АТЫРАУДА

Атыраулық театр көрермендерін ақпан айында не күтеді?

 Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында ақпан айына 9 қойылым жоспарланған. Оның ішінде төртеуі ертегі болса, біреуі премьера. Ол  – Дулат Исабековтың шығармасы негізінде қойылған «Актриса» спектаклі.

Көрсетілімдер үлкен және кіші залдарда өтеді. Кіші залда өтетін кей спектакльдердің билеті қазірдің өзінде толықтай сатылып кеткен көрінеді.

«Билеттеріміздің құны: ересектерге 1000, балалар мен студенттерге 500 теңге. Ал балалар мен қарттар үйіндегілерге және мүгедектерге кіру тегін», – депті театр басшысының орынбасары Нұргүл Құмарқызы.

Айта кетейік, өткен жылдың 22 тамызында өртке оранған өнер ордасы Тәуелсіздік күні қарсаңында қайта ашылған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button