АТЫРАУЛЫҚ ТҰРҒЫН АДАМ БОПСАЛАП ҚОЛҒА ТҮСТІ

717eaa42 463d 4796 9985 0d790a0026ea
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау полициясына арызданған азаматша өзі танымайтын азаматтың бірнеше рет келіп қорқытып, ақша талап етіп, жалпы құны 150 000 теңгесін алғанын, жақында тағы қорқытып ақша талап еткенін айтып арызданды, – depti Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел іздестіру шаралары барысында, қылмысқа күдікті анықталып, ұсталды.

Бастапқыда жәбірленушіден 80 000 теңге, үш күн өткен соң 70 000 теңге талап етіп, жалпы құны 150 000 теңге ақшасын иемденген Атырау қаласының 1990 ж.т. тұрғыны ҚР ҚПК-нің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына​ қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.