АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙІНІҢ АУЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ШӨБІН ӨСІРГЕН

Атырау полицейлері қарасора өсімдігін заңсыз өсірген атыраулық тұрғынды ұстады,- деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде тағы бір қылмыстың бетін ашты.
Атырау тұрғыны Химиктер поселкесіндегі үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені анықталды.
Тексеру барысында, полицейлер ауладан 4 түп есірткі шөбін тауып, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігімен (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, аталмыш акция басталғалы Атырау полицейлері ҚР ҚК-нің 297 бабы- «Есірткі заттарын сату» бойынша , ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 бөлімі – «Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» және ҚР ҚК-нің 300 бабы – «құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша барлығы 10-нан астам дерек анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтап, жабайы қарасораны заңсыз саудасына тосқауыл қою, – деп атап өтті Атырау облысының Бас полицейі полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button