АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ КӨЛІГІНЕН МАРИХУАНА ТАБЫЛДЫ

Есірткі заттарын сақтады деген күдікке ілінген азаматты Қарағанды полицейлері ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол ережесін бұзған көлікті Батыс Еуропа – Батыс Қытай трассасында тоқтатқан. Көлік жүргізушісі 33 жасар Атырау қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 296 бабының, 2 тармағы бойынша (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button