АТЫРАУ АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНДА ТҰТЫНУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН 775 100 79 75 КОЛЛ ЦЕНТР ТЕЛЕФОНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ…

img 20210909 wa0129
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
 Өткен жылы  жобалық кеңсеге құқығы шектелген тұтынушылардан бірнеше сұрақтар мен шағымдар түсіп, 30-ға жуық азаматқа жоба мамандарымен телефон арқылы  тегін құқықтық кеңестер берілді. Биыл да бұл жұмыс өз жалғасын тапты. Осы ретте бұл саладағы нағыз мамандардың көмегіне жүктелуге тура келген соң тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті мен "Атырау Адалдық алаңы" жобалық кеңсе басшылары арасында бүгін  ынтымақтастық жөнінде келісім-шартқа қол қойылды. 

Меморандумның мәні өтеусіз негізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдастыру мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.

Бүгінен бастап «Атырау Адалдық алаңында» кәсіпкерлік субьектісінен құқығы шектелген тұтынушыларға арналған 💢8 775 100 79 75 колл-центр телефон іске қосылды. Тұтынушылар колл-центр телефоны тегін құқықтық кеңестер ала алады.

Меморандум аясында тұтынушылардың құқықтарын сауаттандыру мен қорғаудың өзекті мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар ынтымақтастығы мәселелері бойынша өзара әдістемелік және консультациялық көмек көрсетіледі.

Бұл жоба Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Адалдық алаңы» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған