Мақпал Исабекова әйелдерге үндеу жасады

by Depti
0 views

ақпал Исабекова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында адамның сырт бейнесіне қатысты жиі сын айтатын оқырмандарға үндеу жасады.

Ол мұндай орынсыз мін таққыштар әрекетінің салдары қиын болатынын ескертіп, өзінің өмірінен мысал келтірді. Айтуынша, өзі бұдан бірнеше жыл бұрын елдің сөзіне бола аяғын ұзарту үшін ота жасатпақ болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әнші бұл жолы желіде өзгенің бет-әлпеті мен жаратылысына қатысты жағымсыз пікір айтатындар туралы сөз қозғады. Өнер иесі желідегі парақшасына әлдебір әйелдің өзіне қатысты: “Барлығы жақсы, әдемі. Бірақ аяғыңыз ұзын болса, үйлесімді болар еді”, – деп жазған пікірін жариялап, басқа тыңдармандарды мұндай сөз айтудан аулақ болуға шақырды.

“Құрметті қыздар, әйелдер! Сіздерге үндеу жасап отырмын. Себебі, әйел заты көп жағдайда маған осындай жағымсыз пікір жазуға құмар. Дәл сіздер секілді әйелдердің кесірінен ең алғаш таныла бастаған кезде бойымның қысқалығынан қысылатынмын. “Ой, қандай кішкентай едің”, “Қандай толықсың, аяғың қып-қысқа”, “Бір метр”, “Бойыңыз ұзын болса, қатып кетер еді”, – деген сияқты пікірлер. Мен диетағаотырып, ашығып, өз ағзамды түрлі тәсілдер арқылы “шаршата” бастадым. Ұзын бойлы болып көріну үшін биік өкшелі аяқ-киімдер кие бастадым. Менің “мінсіз” емес екенімді біреу көріп қоймас үшін жанталасатынмын. Ондай аяқ-киіммен жүре алмайтынмын. Сәл болса, сахнада құлап түсетіндей едім. Биік өкше кие-кие екі аяғымның сіңірі шыға бастады. Салдарынан қазір мен жабық аяқ-киім мүлдем кие алмайтын болдым. Аяғым ауырады”, – дейді өнер иесі.

Әнші бойының қысқалығынан ыңғайсызданғаны сонша, тіпті аяқты ұзарту үшін ота жасауға бел буғанын айтады.

“Мен мұндай отаны жасауға болатынын біліп, зерттей бастадым. Былайша айтқанда, аяқтарыңызды сындырып, оларға темір жалғап, ұзартады. Ал қалпына келу үшін жылдар кетеді екен. Аяққа аппарат киіп бірнеше жыл жүру қажет. Мен елдің көзінде “мінсіз” болу үшін бұған да дайын болдым. Құдай сақтап, ақылға келдім. Мен өзімді осы қалпымда жақсы көретінімді түсіндім”, – деген ол қыздарға бір-бірін қолдап, жаман сөз айтпауға кеңес берді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com