Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мектеп асханаларына қатысты ШҰҒЫЛ түсінік берді

«Pfizer» вакцинасын мектеп асханаларындағы сусындар мен тамаққа қоспайды: Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желілерде таратылған жалған хабарды жоққа шығарды.

«Ата-аналардың чаттарында бірнеше күн бойы мектеп асханаларындағы тамақ пен сусындарға «Pfizer» вакцинасы қосылуда» деген жалған хабарлама таралуда. Жалған мәліметте вакцина қосылған тамақты қабылдаған балаларда қауіпті аурудың белгілері, яғни, жүрек айну және құсу байқалуда.

Еске сала кетейік, жалған және дәйексіз ақпарат таратушыларға ҚР ҚК 274-бабына сәйкес жаза көзделген. Құқық бұзушыны іздеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданады.

Exit mobile version