Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

by Depti
0 views

«Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы лауазымына Мақсым Ізбасов сайланды»,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл мәселе облыстық қоғамдық кеңестің отырысында қаралды.

Кеңес мүшелері Ағиба Қатешева мен Ерболат Дәулетқазиев өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын енгізді.

Ашық дауыс беру қорытындысымен Мақсым Ізбасовтың кандидатурасы қолдау тауып, төрағалыққа сайланды.

Ізбасов Мақсым Шафихұлы – өңірге танымал тұлға. Ұзақ жылдар мұнай-газ саласында еңбек етіп, басшылық қызметтер атқарған, Жылыой ауданының әкім болған. Қызылқоға және Жылыой аудандарының Құрметті азаматы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облыстық қоғамдық кеңесін басқарған Мұрат Өтешев облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com