АТЫРАУДАСайлау-2021

Атырау облысы бойынша сайлауға 73 кандидат тіркелген

Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде саяси партия тарапынан ұсынылғандар – 39, өзін-өзі ұсынғандар – 34 адам.

  • Ұсынылған 73 кандидаттың қазіргі уақытқа дейін тіркелгені – 66 адам. Оның тең жартысы саяси партиялар тарапынан ұсынылғандар, қалған 33 адам өзін-өзі ұсынғандар. Саяси партияның кандидаттары 18 сайлау округі бойынша тіркелді. Оның ішінде 15 кандидат «Nur Otan» партиясынан, «Ауыл» ХДПП – 5, «Ақ жол» ҚДП – 2, «ADAL» саяси партиясы – 2, ҚХП – 7 және ЖСДП – 2 кандидаттан ұсынды, – деді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Түрлі себептерге байланысты 11 кандидаттың өтініші кері қайтарылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button