АТЫРАУДА

Атырау облысының әкімі айтулы күнмен құттықтады! (+ФОТО)

«Бүгін өңіріміз үшін айтулы күн. Қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын Доссор кен орнының ашылғанына 110 жыл толды.

1911 жылдың 29 сәуірі күні аталған кен орнындағы №3 ұнғыдан қуатты мұнай бұрқағы буырқана атқылаған болатын. Айтулы оқиға елдің экономикасы мен өміріне, сондай-ақ өңірдің кәсібіне үлкен өзгеріс әкелді. Ірі кең орнынан алына бастаған қара май сапасы жағынан Баку мұнайынан асып түсті.

Доссор мұнайы сондай-ақ жер бетіне жақын орналасуымен сондай-ақ химиялық және сапалық құрамының жоғарлығымен ерекшеленді. Доссор мен «Нобель» компаниясы тапқан Мақаттағы ірі кен орыны ашылған соң ұзамай әлем назарына ілінді. Оларда мұнай өндіру 1914-1915 жылдары алғаш рет 200 мың тоннадан асты. Аталған кең алаңдарын игеру үшін 1922 жылы «Ембімұнай» тресі құрылды.

179321865 295844812014316 3049518944327306720 n 1
179112930 295844925347638 1420862318004360286 n

Доссор кен орны ашылған соң мыңдаған адам жұмыс тауып, мұнайшылар қалашығы қалыптасты. Мұнайлы өңір елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып қана қоймай, майталман мұнайшылардың тұтас бір буыны мен өндіріс мектебін қалыптастырған құтты мекенге айналды. Ұлы Отан соғысы жылдары доссорлық мұнайшылар 12 сағаттық ауысыммен жұмыс істеп, тоқтаусыз 800 мың тоннаға дейін «қара алтын» өндірді. Жанармайлық мұнайды майданға үздіксіз жөнелтіп отырды. Доссор мұнайы өңірдің ғана емес, тұтас өлкенің гүлденуіне оң ықпал етті.

Бүгінде мұнайшыларымыз еліміздің игілігі жолында «қара алтынды» игеру дәстүрін жоғары деңгейде жалғастыруда. Осы ретте алдымен сабақтастықты сақтап, заманға сай мұнай өндіріп келе жатқан «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымын құттықтай отырып, іргелі табыстар тілеймін!Құрметті атыраулықтар!

Баршаңызды Атырау өңірі үшін қазыналы жерде қара алтын игеріле бастаған айтулы оқиғаға 110 жыл толуымен құттықтаймын! Мұнай өндірісі алдағы уақытта да өңіріміз бен мемлекетіміздің әлеуетінің одан ары нығаюында маңызды рөл атқарып, халқымыздың әл-ауқатының артуына өз септігін тигізе береріне сенемін» деп жазды Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

179199740 295844955347635 6183746814534127273 n
179321865 295844812014316 3049518944327306720 nprarapr
179048042 295844695347661 6717056049913804678 n
180323895 295844898680974 7118430931073619526 n
179652528 295844618681002 739536574848494638 n
179067967 295844712014326 4158343075283495982 n
179810163 295844768680987 4470492733890772088 n

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button