Атырау облысының бас дәрігері екпеге қатысты мәлімдеме жасады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аймаққа 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап «Спутник V» вакцинасының 15 200 дозасы жеткізілген. 

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев айтты. Оның айтуынша, 3 сәуірде аймақта жаппай вакциналау жұмыстары басталды. 

1 ақпаннан бастап аймаққа вакцинаның 15 200 дозасы жеткізіліп, 9 037 адам екпе алды. Вакцинаның 4 000 дозасы Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын, «Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлеріне бөлінді. 

Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қала аумағында орналасқан екпе пунктерін аралап, жұмысымен танысқан болатын. Ол жұмыс барысында ол вакциналардың жеткілікті екеніне көз жеткізіп, олардың сақталу жағдайымен танысып, екпе алуға келген тұрғындармен сұхбат құрды.

Exit mobile version