Атырау қалалық полициясына жол-көлік оқиғасы бойынша 2000-ға жуық хабарлама келіп түскен

Жыл басынан бері Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығына жол-көлік оқиғасы бойынша 2000-ға жуық хабарлама келіп түскен.

Оның ішінде жол-көлік оқиғасын жасап, Ішкі істер органдарына хабарламай оқиға орнынан кетіп қалған 290 хабарлама тіркелген.

Жүргізушілердің назарына:

Хабарламаған жагдайда ҚР ӘқБтК-нің 611 бабының 2 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл алуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылуларыңыз мүмкін екендігін ескертеміз!

Exit mobile version