АТЫРАУДА

Атырау қалалық соты мен «Қоғамдық келісім» келісімге келді

«Меморандум қырық пышақ болған ұлт пен ұлыстың, ерлі-зайыптының, жалпы, азаматтардың бітімге келуіне көмектеседі» депті қалалық сот төрағасы.

Атырау қалалық сотының төрағасы Жасұлан Жақсылық пен «Қоғамдық келісім»  КМК-і басшысы Жанар Ильясова облыстағы медиация институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжат қоғамдағы ажырасу деңгейін төмендетуге, татуластыру арқылы дауларды шешу мәдениетін дамытуға, азаматтардың құқықтық саналарын жоғарылатуға бағытталған.

  • – Бұл меморандумның отбасылық құндылықтарды насихаттап, бірлескен іс-шараларды өткізуде тиімділігі бар. Сондай-ақ, сот тәртібімен қаралуға жататын даулар санын қысқартудың, оларды шешудің балама тәсілдерін енгізудің, татуластыру рәсімдері мен медиацияны дамытудың маңыздылығына назар аудару, – деп түсіндірді қалалық сот төрағасы.

Өз кезегінде «Қоғамдық келісім»  КМК-і басшысы Жанар Ильясова «облыстағы өзге ұлт өкілдері арасындағы татулықты нығайту, ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тегін психологиялық кеңес беру жұмыстары» жүргізілетіндігін айтты.

Бұл бағытта атқарылатын жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі ортақ ұсыныстарды жүзеге асыру үшін тараптар өзара іс-қимылдың әртүрлі формаларын пайдалануға, ақпаратпен тұрақты алмасуды жолға қоюға келісті.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Сурет автордікі

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button