Атырау қалалық соты мен «Қоғамдық келісім» келісімге келді

«Меморандум қырық пышақ болған ұлт пен ұлыстың, ерлі-зайыптының, жалпы, азаматтардың бітімге келуіне көмектеседі» депті қалалық сот төрағасы.

Атырау қалалық сотының төрағасы Жасұлан Жақсылық пен «Қоғамдық келісім»  КМК-і басшысы Жанар Ильясова облыстағы медиация институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжат қоғамдағы ажырасу деңгейін төмендетуге, татуластыру арқылы дауларды шешу мәдениетін дамытуға, азаматтардың құқықтық саналарын жоғарылатуға бағытталған.

Өз кезегінде «Қоғамдық келісім»  КМК-і басшысы Жанар Ильясова «облыстағы өзге ұлт өкілдері арасындағы татулықты нығайту, ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тегін психологиялық кеңес беру жұмыстары» жүргізілетіндігін айтты.

Бұл бағытта атқарылатын жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі ортақ ұсыныстарды жүзеге асыру үшін тараптар өзара іс-қимылдың әртүрлі формаларын пайдалануға, ақпаратпен тұрақты алмасуды жолға қоюға келісті.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Сурет автордікі

Exit mobile version