Атырау-Құрманғазы пойызы іске қосылады

by Depti
0 views

Қазіргі таңда пойыз эксперименталды кезеңнен толық өтті.

Атырау магистарльдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаровтың айтуынша,
Атырау облыстық әкімдігі және Қазақстан темір жолы компаниясының бастамасымен іске қосылған жоба бойынша қазіргі таңда келісім шарттарға қол қою күтілуде.

Бұл туралы бүгін Атырау облыстық мәслихатының сессиясында белгілі болды.

Атырау қаласынан шығатын пойыз Исатай, Құрманғазы аудандарындағы әр разъездке тоқтайды.

Құрманғазы ауданындағы Дина Нұрпейісова бекеті ең соңғы разъезд.

Кешкі сағат 18.00-де Атырау қаласынан шығатын поезд түнгі 01.00-де соңғы бекетке барады.

Атырау қаласына қайтар уақыты түнгі сағат 02.00. Облыс орталығына пойыз таңғы 9.00-де жетеді.

Жалпы үш вагон шығарылып отырған пойыз күн сайын жүреді.

» Бірінші нүктеден ең соңғы нүктеге дейінгі қарастырылып отырған сома – 1584 теңге. Бұл тұрғындар үшін қолжетімді сома боларына сенеміз» дейді Атырау магистарльдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров.

“Atr.kz”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com