АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атырауда жол ережесін бұзған 14 жасар жүргізуші анықталды (+ВИДЕО)

Көлік жүргізушісін полицейлер жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан...

https://youtu.be/MRerTg5_AdY

28 сәуір 12:00 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері С.Датов-Канцев көше қиылысында “VIS 23470040” маркалы автокөлік жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқандығын байқап, патрульдік полицейлерге бағыттама берген.

Полицейлер тексеру кезінде көлік жүргізушісінің 14 жастағы жасөспірім екендігін анықтады. Ол басқарған көлік өзінің ағасына тиесілі.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2 бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы), ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлігімен (қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жүргізуші кәмелет жасқа толмауына байланысты, оның анасы 1973 ж.т. азаматшаға барлығы 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жасөспірімге патрульдік полиция қызметкерлерімен профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

облыстық ПД бөлім басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button