АТЫРАУДА

Атырау қаласында қандай жолдар жөнделетіні айтылды

Қалада автомобиль жолдарындағы шұңқырларды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның барысында жалпы ауданы 18 мың шаршы метр болатын жол жөнделеді деп күтілуде.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның ішінде Сәтпаев көшесіндегі жөндеу аяқталып үлгерген. Азаттық көшесі мен Атырау — Доссор тас жолындағы жұмыстар әлі де жүргізілуде. Ендігі кезекте Сырым Датов көшесіндегі, сондай-ақ екінші дәрежелі көшелердегі шұңқырларды жамау жұмыстары жоспарлануда.

«Бұған дейінгі жөндеуге жауапты компания жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмауы себебінен мердігер ұйым белгіленген тәртіппен ауыстырылды», — деп мәлімдеді қалалық әкімдіктегілер.

2021 жылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жолдардағы шұңқырларды жамау, зақымдалған асфальтбетон жабынының жекелеген учаскелерін қалпына келтіруді «Атырауинжстрой — АИС» ЖШС мердігерлік құрылыс компаниясы жүргізбек.

«Каспианлайф»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button