АТЫРАУДА

Атырауда 28 ауылдық мектеп жаңғыртылады

«Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Биыл 28 ауылдық мектепті жаңғырту жұмыстары жоспарланған.

Өңірдегі өзекті мәселенің тағы бірі – білікті мамандардың жетіспеушілігі. Оны шешу үшін соңғы 4 жылда жергілікті бюджеттен мамандарды даярлауға 433 білім гранты бөлінді. Және Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, саладағы өзекті проблема – білім сапасын арттыру үшін жан-жақты зерделеу жасалды.

Нәтижесінде 2021-2023 жылдарға арналған «Жол картасы» әзірленіп, жұмыстар жүргізілуде» деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг беруде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button