АТЫРАУДА

Атырауда 290 жобаға тегін несие берілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте  Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат мәлімдеді, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.

“ Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында былтыр 290 жобаға несие берілді.

– Берілген несиелердің бағыттарын жіктесек, мал шаруашылығын дамытуға 167 жоба, өсімдік шаруашылығына 1 жоба, кәсіпкерлікті дамытуға 122 жоба қаржыландырылды. Игерілуі  – 100 пайыз. Нәтижесінде, 122 жұмыс орны ашылды, – деді Амангелді Саламат.
[28.04, 18:29] Нургул Исмагул: Атырауда  модульдi мал сою бекетi iске қосылады 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте  Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат мәлімдеді, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.

–  Осы жылы өңірде көптеген жобалар іске асуда. Атап айтар болсақ, Атырау қаласынан «Джумагалиева» ЖК 1000 бас ірі қара малын бордақылау алаңын іске қосты. Қазіргі уақытта мал жинау жұмыстары жүргізілуде. Атырау қаласындағы «Jan&Adil» ЖШС-і де 1000 бас ірі қара малын бордақылау алаңының құрылысы басталды. Сондай-ақ, биыл «Құрман» шаруа қожалығының модульді мал сою пункті іске қосылады деп жоспарлануда, – деп атап өтті Амангелді Саламат.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта Махамбет ауданында көлемі 4 гектар құрайтын «Жұмағалиева» шаруа қожалығы  жылыжайының құрылысы басталды. Бастапқы бөлігі келер жылдың наурыз айында пайдалануға берілетін болады. Атырау қаласынан «Иманбаев» ЖК көлемі 2 гектарды құрайтын жылыжай  құрылысын бастады. Қызылқоға ауданындағы «Құрман» шаруа қожалығының сиыр сүтін сауу және сүт өнімдерін шығару жобасы да жүзеге асырылады деп жоспарланған.
             
Айта кетейік,  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  төрағалығымен өткен Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі онлайн кеңесте өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов 5 жыл ішінде аграрлық секторда 23 инвестициялық жоба іске асырылатынын айтқан болатын. Оның ішінде жылыжай, бордақылау алаңдары, құс фабрикалары мен сүтті қайта өңдеу цехтарын салу бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button