Атырауда 36 егу пункті жұмыс жасайды

Қалалық емханалар базасында стационарлардан басқа 10 жылжымалы вакцинация пункті ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев атап өткеніндей, өңірде халықты жаппай вакцинациялау үшін 36 егу пункті ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуірде «Байзар» сауда орталығында қосымша егу пункті ашылды, ал 28 сәуірде «Дина»сауда үйінде егу кабинеті ашылды. Сондай-ақ, қалалық және облыстық әкімдіктерде жылжымалы вакцинация пункттері ашылды.

Exit mobile version