Атырауда 4 мыңнан балық торы мен 185 катер тәркіленді

1598523481 whatsapp image 2020 08 26 at 202035
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысында балық қорына заңсыз қол сұғушылардан 175 келі балық тәркіленді.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Рүстем Қорқытовтың мәліметінше, жыл басынан бері балық қорғау заңдылығын бұзушыларға 2 мыңнан астам хаттама толтырылған.

«Биылғы 9 айда су айдындарында құқық бұзғандарға қатысты 180 іске сот үкімі шықты. Жайық пен Қиғаш өзенінен заңсыз құрылған 4 мыңнан астам тор, 185 жүзу құралы табылды. Браконьерлерден бекіре тұқымдас 175 келі балық тәркіленді» -дейді Рүстем Қорқытов.

«Қазақпарат»