АТЫРАУДА

Жол жұмыстарына кедергі келтіретін ағаштар алынып, қайта отырғызылмақ

– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ «Балықшы-Зарослый» тас жолын қайта жаңғырту аясында Құнанбаев және Қожақаев көшелерінің қиылысындағы жұмыстарға кедергі келтіретін 23 ағаш қазып алынып, сол аумаққа қайта отырғызылатынын хабарлайды.

Бұл көшеттерді жаңа аймаққа көшіру жұмыстары қажетті шараларды сақтай отырып орындалады. Яғни, кейіннен олардың жағдайын бақылап, толық қалпына келуіне жағдай жасай отырып. Қажет болған жағдайда мердігер мекеме заңнамада белгіленген нормаларға сәйкес, яғни бес есе мөлшерде ағаш отырғызуды міндеттеледі.Бүгінде аталған қиылыста көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында, бағдаршамға бағынбай, оң жақ бұрылыспен кедергісіз өту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде, – делінген баспасөз хабарламасында.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button