Атырауда 40-тан астам тұрғын экстремизмді насихаттаған

Атырауда экстремизмді насихаттаған үшін 40-тан астам тұрғын жауапкершілікке тартылды.

«2021 жылдың 8 айында Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымның 44 өкілі анықталып, жауапкершілікке тартылды» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында анықталған.

ҚР ӘҚБтК – нің 453-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған деструктивті ағым ерушілерінің көпшілігі өз парақшаларында және пабликтерде Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған экстремистік идеологияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған бейне және аудиоматериалдарды жариялады.
Қазіргі уақытта басқарманың ақпараттық-талдау орталығының мамандары ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша дәстүрлі емес діни бағытты насихаттайтын 143 825 (2019 ж. – 335, 2020 ж. – 30 000) парақшаны бұғаттады.

Сонымен қатар, діни бағыттағы ақпаратты тарататын әлеуметтік желілердегі парақшаларды зерделеу нәтижесінде 139 240 бет анықталды, оның 442-сі жат идеология материалдарын таратушылар болып табылды және дінтану сараптамасына жіберілді.

Exit mobile version