Биыл Қызылқоға ауданының алты ауылына газ тарту жұмыстары басталады.
Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.
«Қызылқоға ауданы бойынша газ тартылмаған 6 елді мекен Тасқұдық, Соркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Коңыраулы, Кенбай елді мекендеріне газ құбырының құрылысы биылғы жылы басталады. Аталған жобалар аяқталғанда, Қызылқоға ауданы толықтай 100% табиғи газбен қамтылып, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігі жақсарып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң әсерін береді» деп жазды Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев.
Және де ол 2021 жылы Қызылқоға бойынша 10-нан астам жаңа жобаның құрылысына бюджеттен қаржы бөлінгенін атап өтті.
Жаңа жобалар қатарында Миялы ауылында салынатын 11 шақырым автомобиль жолы, Сағыз ауылында жасалатын 8 шақырым автомобиль жолы, Жасқайрат, Қоныстану, Жангелдин ауылдарына салынатын кірме жолдар да бар.
Баян Жанұзақова