АТЫРАУДА

Атырауда аналарға арналған тегін оқып-үйрету курстары ашылды!

Жобаға қатысу үшін өтінімдер 20 сәуірге дейін қабылданады.

Бұл туралы белгілі волонтер, қоғамдық белсенді Әйгерім Жәрдемқызы «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.

Курсты аяқтап шыққан аналар өз кәсібін аша алады. Жоба көпбалалы, аз қамтылған, жалғызбасты, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған.

«Consolidated Contractors Company» компаниясының қолдауымен және «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін #BILIMFORALL жобасы тігінші, аспаз, SMM-маманы, шаштараз және визажист атануға мүмкіндік береді.

Жоба 1 мамырдан бастап өз жұмысын бастайды. Жоба көпбалалы, аз қамтылған, жалғызбасты, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарды қолдауға арналған» деп жазды ол парақшасында.

Жоғарыда аталған мамандықтың кез-келгенін таңдау мүмкіндігі бар. Анықтама телефоны: 8 (778) 215 12 31.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button