АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЖОЛАУШЫ ТАСИТЫН АВТОБУСТАР ӨРТЕНДІ

22 қараша күні сағат 18.30-да 101 пультіне 3 А Вокзал маңы шағын ауданында Баймұханов көшесі 61 бойынша автобус жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен кезде, «ПАЗ» маркалы жолаушылар автобусының өртенгені анықталды.

Өрт сағат 18.39-да ауыздықталып, сағат 18.41-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

7c3fd105caacacd573e9b8e22b471328 1

Атырау облыстық ТЖД-нің 10 қызметкері мен 2 техникасы шықты.

Атырау облысы ТЖД тұрғындарды автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

«Қоғаммен байланыс тобы
Атырау облысы ТЖД»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button