АТЫРАУДА

Атыраулық мұғалім: «Жемқорларға ақша бар, бізге жоқ…»

Атыраулық мұғалім Жанаргүл Шарғабаеваны мұғалімдердің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сыйақы алмайтыны қынжылтады.

Ол ұрпақ тәрбиелеп, білім беріп отырған ұстаздардың осындай үлкен мереке кезінде көлеңкеде қалып қоятынына наразы, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

«Мереке күндері және жылдың соңында көптеген сала қызметкерлерінің сыйақы алатынын мәлім. Педагогтар да жылдың аяғында еңбектері еленіп, мерекеге орай сыйақы алудан дәмеленіп отыр. Жыл сайын оны мемлекеттік қызметкерлер мен мұнайшылар алады», — дейді мұғалім Жанаргүл Шарғабаева.

Оның айтуынша, шенеуніктер мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасай алмаса да, тым болмаса, бес жылда бір рет сыйақымен қуантуға болады.

«Жыл ортасынан асқаннан кейін шенеуніктердің қаржыны игеру мәселесімен айналысатынын жақсы білеміз. Қаражат әр мекеменің жеке шотында болса да, оны басқарып, қайда жұмсайтынын басшылар шешеді. Жасыратыны жоқ, кейде еңбекақыны да кідіртіп жатады. Бар қаржының рахатын көрмей отырған аудандардың бірі — біздің Жылыой ауданы, — дейді ұстаз.

Мұғалімнің сөзінше, әріптестері ноутбук пен принтерді өз ақшаларына сатып алады. Сол себепті мұғалімдер үйдегі заттарын мектепте тасып, сабақ беруге мәжбүр. Сондай-ақ материалдық базасы көтермейтін мектеп жаңартылған білім мазмұнын толыққанды жүзеге асыруға қауқарсыз болып отыр.

  • Осылайша барлық құралын мектепке арқалап барып жүрген мұғалімдер сыйақыға лайықты ма? Лайықсыз ба? Лайықты десек қаражатты қыспай, жомарт алақанды аша салатын кез келіп тұр. Ақша жоқ дейді. Бірақ жемқорларға жейтін ақша табылып тұр, —дейді ұстаз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button