Қазақстанда

БЕЛГІСІЗ АУРУДАН МАЛ ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР… (+фото)

Қостанай облысындағы Жангелдин ауданының шаруалары дабыл қағып отыр.

Сиырлардың қандай ауру жұқтырғанын ветеринарлар да тап басып айта алмаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Көкалат ауылындағы «Нұр» шаруа қожалығының өкілі Нұрсұлтан Садық үш-төрт күн бұрын мал дәрігерлерін шақыртқанын айтады. Сиырларда белгісіз ауру барын олар да растапты.

b8eff09687ebfab658e43c6e4c8bf382

Ветеринарлар журналистерді шақырамыз деген соң келіп кетті. «Малыңыз ауырып тұр» дейді. Оны өзіміз де білеміз. Басқа ешқандай әрекет жасаған жоқ. Ертең егетінін айтты, —дейді Нұрсұлтан.

Шаруа қожалығындағы ауырған малдарда құтыру белгілері бар. Адамға атылатын көрінеді. Сосын үш-төрт күн аяғын баса алмай, аузынан су ағып, өліп қалады.

f5e9339ba5fb19ae9f1151a98c4a96a7

Бүгінге дейін 5 сиыр өлді. Тағы төртеуі ауырып қалды. Бір-екі шығын болса ештеңе демес едім, басқаларына жұғып жатыр. Алдымыздағы 300 бас қырылып қала ма деп алаңдаймыз, — дейді ол.

Тұрғындар арасында ауруды стоматит деп жатқандар кездеседі. Бірақ Нұрсұлтан оған сенбей отыр.

Стоматит болса, мал оттамай қояр еді. Біздің сиырлардан ондай байқамадым, —дейді шаруа.

bc7f5e02ae9fe40b84de6fbc6b47ae2d

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button